7.12.2015, 12:48
Оқылды: 37

«Жаңарған өңір» газетінің бас редакторы Өмірзақ Тұрақбайұлының асқаралы 60 жасқа толуына орай әдеби-сазды кеш өтті

IMG_3808   Өткен аптада қасиетті жұма күні Көпжасар ауылдық округіне қарасты №4 Дина Нұрпейісова атындағы ЖОББМ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, журналист, аудандық «Жаңарған өңір» газетінің бас редакторы Өмірзақ Тұрақбайұлының асқаралы 60 жасқа толуына орай «Жыр-ғұмыр» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеш барысында Өмірзақ Ақбасовтың саналы ғұмырынан бейнебаян көрсетіліп, шығармашылығына шолу жасалды. Сосын мектеп оқушылары ақынның «Қамықпа қызым», «Ағаны аңсау», «Аллаға арыз» басқа да Тәуелсіздік, Отан, тәрбие, өмір туралы өрнекті өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Сондай-ақ өлеңді серік еткен жас қаламгерлер Б.Жоламанов пен Ж.Құрманғазиева пәк көңілдерінен шыққан ақынға деген жүрекжарды тілектерін арнау өлеңдерімен жеткізді.

Кеш соңында мектеп директоры, ақынның бұрынғы әріптесі Әдемі Мақымғалиқызы сөз алып, есте қалған ерекше естеліктерімен бөлісіп, білім ордасына ат басын бұрған Ө.Ақбасовқа алғысын айтты.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале