30.05.2016, 19:06
Оқылды: 44

Жаңақалада ардагерлер клубы ашылды

ardagerler (1)Жаңақала ауданында мәдени-демалыс орталығы жанынан ардагерлерге арнап ашылған «Атамұра» аталар клубының тұсаукесері болып өтті. Аталмыш шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі мен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орайластырылды.


Салтанатты жиынға аудан әкімі Лавр Хайретдинов, мекеме басшылары, ауылдық Мәдениет үйі директорлары және аудандық «Айзере» әжелер ансамблі қатысты.

ardagerlerЖиын барысында мәдени-демалыс орталығының директоры А.Мүбәрак жиналғандарды ардагерлер клубының ашылуы жөніндегі бұйрықпен таныстырып, оның мақсат-міндеттерін түсіндірді.

Аудан әкімі Лавр Рашидұлы «Атамұра» ардагерлер клубының мүшелігіне қабылданған ардагерлер Н.Мақанов, М.Шапихов, Н.Мырзақұлов, Ғ.Валиев, А.Шарафутдинов, Е.Сатыбаев және М.Сұпашевтарға арнайы куәлікті табыс етті.

Қариялар өз кезегінде ардагерлердің еңбектері мен ерліктері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екенін тілге тиек етіп, өскелен ұрпақтың санасына ұлттық тәрбиені қалыптастыруға зор үлес қосатынын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали ҒАББАС

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале