18.05.2016, 12:23
Оқылды: 27

Жаңақалада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы мәресіне жетті

Janakala mereyili otbasi     Қазақ халқы ежелден «Отан отбасынан басталады» деп отбасы құндылығына үлкен мән берген.

    Бүгінгі ұрпақ осынау отбасы құндылығының маңызын ұғыну мақсатында қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде отбасы күні деп белгіленген болатын.


   Осыған орай Елбасының арнайы Жарлығымен, Президент жанындағы Әйелдерістері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен елімізде биыл үшінші жыл қатарынан «Мерейлі отбасы» байқауы өткізіліп келеді. Бүгін Жаңақала ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өз мәресіне жетті. Отбасындағы өнегелі құндылықтарды жаңғырту мен  отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған байқауға қатысуға ауданның ауылдық округтерінен бақытын еңбекпен тауып, өнерді өрге оздырған 4 отбасы өтініш білдірген екен.

  Атап айтсақ Жаңақазан ауылдық округінен Айтқалиевтер, Жаңажолдан Жангереевтер, Пятимардан Сухашевтар, Қызылобадан Хайруллиндер отбасы қатысып, 3 аталым бойынша бақтарын сынады.

   Жалпы бұл байқаудың мақсаты біреуден озып шығу емес, мерейлі де сыйлы отбасыларды үлгі-өнеге ету арқылы өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбие­леу болып табылады. Сондықтан биылғы байқауға қатысқан отбасылар өнерлеріменерекшеленіп, отбасы бірлігі, ұлттық болмыс,ұлттық тәрбие, инттелектуалұғымдарын көпшілікке ұғындыра түскендей болды. Арнайы құрылған  комиссия мүшелері байқауға қатысқан отбасылардың ерекшеліктерін саралап, бағасын берді. Шараны қорытындылаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі Қ.Теміров  шараға қатысқан отбасылардың ішінен екі отбасы іріктеліп, облыстық байқауға қатысатынын атап өтті.

    Барлық қатысушыларға аудан әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлық табысталды.

   Кешті аудандық мәдени демалыс орталығының әншілері Қ.Айдарбеков пен М.Сұпашев орындаған тамаша әндер көріктендіре түсті.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале