9.06.2016, 15:56
Оқылды: 40

Жаңақалада терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

zhanakala terrorizmge karsy    Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Жаңақала әкімі Лавр Хайретдиновтың басшылығымен терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Оған комиссия мүшелері, дербес бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдері қатысты. Күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Бірінші мәселе – өңірдегі бірқалыпты «сары» деңгейдегі жарияланған белгі және терроризм бойынша қалыптасқан жағдайды бағалау, талдау және оның жай күйі жөнінде. Бұл бағытта ҰКҚ БҚО бойынша департаментінің Зеленов аудандық бөлімінің өкілі Қ.Мырзахметов хабарлама жасады.


   Ол «сары» деңгейдегі жарияланған белгі туралы толық мағлұмат беріп, жауапты деген адамдарға мекемелерде тәртіп пен бақылауды күшейтуді тапсырды. Бұдан кейін аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Д.Ашабаев террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы мен проблемалық мәселелер және шешу жолдары жайында баяндады. Жүргізіліп жатырған жұмыстарының барысын сөз еткен Қ.Мырзахметов:

    -Қазіргі уақытта террористік тұрғыда осал объектілерді тексеру жұмыстары 2016 жылдың 1 шілдесінен басталды. Алдын ала тексеру жүргізу барысында 4 мекеме тексерілді. Аталған мекемелерде кемшіліктер де жоқ емес. Айта кетсек, аудандағы террористік тұрғыда осал объектілерде бейне бақылау қондырылмаған. Қосалқы шығу есіктері дұрыс ашылмайды. Өртке қарсы құралдар және дабыл қаққыш сигналы жұмыс жасамайды,-деді. Сонымен қатар, аудандық мешіттің бас имамы М.Жахатов пен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Қ.Теміров сөз алып, аудандағы діни ахуал жөнінде ақпарат берді.

www.zhaikpress.kz
ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫ
Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале