4.05.2016, 18:48
Оқылды: 25

Жаңақалада қоғамдық кеңес отырысы өтті

Janakala kogamdik kenes    Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңес отырысын аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ш.Әбуғали жүргізді. Оған аудан әкімі Л.Хайретдинов, еңбек ардагерлері, мекеме, бөлім басшылары, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде бір мәселе қаралды. Ол Қазақстан Республикасы Жер Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы еді.


   Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Т.Үмбетов хабарлама жасап, заңдағы өзгерістердің барысын баяндады. Мұнан кейін аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали мінбеге көтеріліп, жер дауы жөніндегі көкейкесті пікірін білдірді. Отырыста №3 ЖОББҚМ-нің директоры А.Декартұлы, еңбек ардагерлері Н.Мақанов, Қ.Текебаев, М.Шапиховтар сөз алып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Содан соң тыңдаушылар тарапы сұрақ-жауап алмасып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, оларға мамандар тарапынан Жер Кодексіндегі өзгерістер туралы толық түсінік берілді.

    Кеңес отырысын аудан әкімі Л.Хайретдинов қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале