7.10.2016, 16:20
Оқылды: 13

Жаңақалалықтардың көрмесі

%d0%b6%d0%b0%d2%a3%d0%b0%d2%9b%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d1%80%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d0%ba%d3%a9%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%81%d1%96   Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жауқазын-2016» жобасына орай Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығының қолөнер шеберлерінің «Тәуелсіздік деп соғады жүрегім...» атты көрмесі өтті.


Орал қаласының тұрғындары мен қала қонақтарын көрмемен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған шараға графика, мүсін, гравюра, бисер, ағашпен жұмыс, былғары, пейп-арт, қағаз және темір қалдықтары және тоқыма жұмыстары көрмеге қойылған.

Аталмыш шараға келген көрермендерді жаңақалалықтар қазақы дәстүрмен қарсылап, бауырсақ пен көжеден ауыз тигізді.

Бүгінгі көрмеге әшекей бұйымдарымен қатар, егемен еліміздің тыныс-тіршілігін бейнелейтін туындылар да қойылды.

Мұражай қызметкерлерінің көмегімен Жаңақала өңіріндегі жас қолөнер шеберлерінің туындыларын облыс жұртшылығына паш етпекпіз.

Бүгінгі шараға қатысып отырған ауданымызға еңбегі сіңген зейнеткер аға-апаларымызға рақметімді айтқым келеді, - дейді Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Айзада Шүкірғалиева.

Айта кету керек, көрмені 19 қазанға дейін тамашалауға болады.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале