24.11.2015, 19:12
Оқылды: 24

Жаңақалалық мемлекеттік қызметшілер ҚАЗТЕСТ тапсырды

Janakala KAZTEST  Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде тілді меңгеру деңгейі бойынша сертификат алған мемлекеттік қызметшілердің үлесін 2017 жылға қарай 80%-ға, 2020 жылға қарай 100%-ға жеткізу көзделген.


 

Батыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту бағдарламасы Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесе отырып, 2015 ылдың 23 қарашасында ҚР Президенті Н.Назарабевтің 2011 жылы 29 маусымдағы   №110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау мақсатында Жаңақала ауданында «Қазтест» жүйесі негізінде 135 мемлекеттік қызметшіні сертификаттық тестілеу және байқау сынақтарынан өткізді.

Тестілеу аудан орталығындағы мектеп гимназия ғимаратында бақылау комиссиясының бақылауы бойынша қатаң түрде өтті.

Тестілеуге жалпы 44 мемлекеттік қызметкер тартылып, оның ішінде В2 санаты ойынша-23, В1 санаты бойынша 21 адам тестілеуге қатысты. Ал мемлекеттік қызметшілер арасындағы байқау сынағына 91адам бағын сынап, мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызы қамтылды.

Тест қорытындысы алдағы күндері белгілі болмақ.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале