27.09.2015, 18:34
Оқылды: 35

Жаңақала ауданында тұңғыш медресе ашылды

Janakala 01    Қасиетті Қамыс-Самар елінде тұңғыш рет сауат ашу медресесі ашылды. Іргетасы өткен 2014 жылдың мамыр айында қаланған медресе алдағы кезеңде аудан тұрғындарына сауат ашу бағытында дәрістерін бастағалы отыр. Құрылысқа негізінен демеушілік еткен Т.Мусин, «СПС» ЖШС, «Кварц» ЖШС және де аудан басшысы бастаған ел азаматтары болды. Бұл үшін оларға Алланың нұры жаусын дейміз.

Медресенің ашылу рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтанов арнайы қатысып, жергілікті жамағаттың қуанышына ортақтасып, құттықтау сөз сөйледі. Өкіл имам медресенің жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңақала ауданының әкімі Лавр Хайретдинов құттықтау сөзінде: «Ай басында ауданымызда үш бірдей мектеп ашылса, бүгінгі күні төртінші оқу ошағы болып медресе ашылып отыр. Құранда білімді болу - әр мұсылманның парызы деп айтылған. Бұл қағида өзінің маңызын ешқашан жоғалтпайды. Дінді терең біліп, түсінетін, жүрегінде иманы бар адам қоғам мен мемлекетке жақсылық әкеледі. Сондықтан да ағайын, баршамызда осы медресеге ат басын бұрып, азда болса құран-аяттарын үйреніп, сауатымызды ашып тұрайық. Жаңа медресе діннің ақ жолын уағыздауға, жастарды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелеуге өз үлесін қосатынына сенім мол», - деп, осы игі іске демеушілік жасаған барлық ел азаматтарына алғыс айтты.

Жиын соңында жиынға қатысушылар оқу орнының ішін аралап көріп, асхана, оқу бөлмелерімен танысты.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале