2.09.2015, 15:46
Оқылды: 52

Жаңақала ауданында 23 мектеп есігін айқара ашты

Janakala 23 oku orni   Жаңақала ауданы бойынша биыл жалпы білім беретін орта мектептердің желісі ұлғаюда. Аудан биылғы оқу жылын 23 жалпы орта білім беретін мектеппен ашса, оның 13-і орта, 1-уі мамандандырылған, 9-ы бастауыш білім беретін мектептер.23 жалпы орта білім беретін мектепке 3826 оқушы алаңсыз білім алса, мектепалды даярлық тобына 474 бала қабылданды. 

Аудан әкімдігінің қолдауының арқасында ғимараттары апатты жағдайда деп танылған Жуалыой ауылындағы және Сарыкөл ауылындағы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептеріне 108 орындық жаңа мектеп құрылысы, аудан орталығынан 600 орындық мектеп гимназия мен100 орындық жатақхана құрылысы аяқталып, іске қосылды. Мұнымен аудандағы апатты жағдайдағы мектептер саны жойылып, білім саласының күн тәртібіндегі мәселелер айтарлықтай азайды.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале