15.03.2016, 20:46
Оқылды: 30

Жаңақала аудан әкімі ауыл ақсақалдарына көрісті

 Janakala akim korisu   Наурыз – қыс  ызғары кетіп, күн  шуағын шашатын көктем мезгілінің алғашқы  айы. Бұл айда жер бусанып, малдың аузы көкке, адамның аузы аққа тиетін, күн мен түн теңесіп жаңа күн туатын  қазақ халқының жаңа жылымен қосанаурыздың 14-і күні  тек батыста ғана тойлатын «Көрісу айт» мерекесі де бар. Бұрын бүгінгі күндей телефон, автокөлік секілді байланыс құралдары болмағандықтан да, ата-бабамыз көктем келіп, жер аяғы кеңіген бойда «мал жандарын аман ба? Қыстан аман-есен шықтындар ма?» деп жақын-жуық, тума-туыстарын аралап, төс қағысып амандасып келетін болған. Еліміздің батыс аумақтарында  бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатырған дәстүрді біздің ауданымызда өскелең ұрпаққа  мұра қылып қалдыру мақсатында жыл сайын жоғарғы деңгейде тойлап келеді.


Көрісу айт мерекесіне орай аудан орталығында биыл да көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Сондай игі істің бірі ауыл әкімі Лавр Рашидұлы өзі бастап, ауыл әкімі Е.Танзенов, аудандық ардагрлер кеңесінің төрағасы Ғ.Валиев және БАҚ өкілдері ауыл ақсақалдарының үйлеріне кіріп,  аман-саулықтарын біліп, аталмыш мерекемен және келе жатырған Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап қайтты. Өздеріне аудан әкімің арнай келіп, көрісіп жатырғандарына үлкендер шексіз ризашылықтарын танытып, қазақы дәстүрімен ақ ұсынды. Сөз арасында Лавр Рашидұлы ақсақалдарды ауданымыздағы  жаңалықтармен хабардар етіп, тарихтан да сыр шертті. Балаша қуанған ақсақалдар келген құдайы қонақтарға алғыстарын білдіріп, ақыл-кеңестерін айта отырып, баталарын берді.

www.zhaikpress.kz

Нұрғали ҒАББАС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале