11.08.2015, 19:48
Оқылды: 22

Жеке тұлғалар базасы нақтылануда

адамдарҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ғ.Әбдірахымовтың 2015 жылғы 2 маусымдағы хаттамалық тапсырмасына және ҚР сайлау жүйесін жетілдірудің кейбір мәселелеріне байланысты Ақжайық ауданында да тиісті жұмыстар орындалуда.

Яғни, «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасындағы мәліметтерді өзектендіру шаралары атқарылуда.

Жергілікті атқарушы және ішкі істер органдары, АХАТ қызметі халықпен тығыз жұмыс жүргізуде. Азаматтардың жеке куәліктерінің мерзімдері өтіп кетуі, қайтыс болған немесе көшіп кеткен азаматтар анықталып, дерекқор жаңартылуда. Айталық, мәселен, ауданда 90 жасқа дейінгі 6299 тұрғынның бүгінге 5962-сінің құжаттарындағы қателіктер анықталып, түзетілуде. Куәлігінің мерзімі өткен 378 адам анықталып, қазірге дейін соның 347-сімен әңгіме өткізілді.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале