20.08.2015, 18:07
Оқылды: 26

Жергілікті кәсіпкерлер теңгенің еркін бағамға жіберілуін тиімді санайды

БұлКенес Абсатиров туралы БҚО аймақтwық кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Абсатиров мәлімдеді:

-Біздің кондитер, шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпкерлер Ресей рублінің құлдырауына байланысты өндіріс көлемінің азайғандығын айтып жүрді. Қазіргі бағам олар үшін шынымен де тиімді. Өйткені өнімдерінің бағасы Ресейдегіден арзан болмайды, бәсекеге түсе алады. Жергілікті алыпсатарлар да бұрынғыдай арзан тауар үшін Ресейге жүгірмей, отандық өнімге қарай бет бұрады. Күні бүгін дүкендерде баға негізсіз өсетін болса, ол белгілі бір уақыттан кейін бәрібір сұраныс пен ұсынысқа байланысты бір қалыпқа келеді. Мәселені ақылға салып, босқа дүрлігуге жол бермеген жөн.

ww.zhaikpress.kz
Тоқтар Кенжеғалиев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале