6.11.2015, 19:23
Оқылды: 24

Жерлесіміз жеңімпаз атанды

Taskala jerlesimiz jenimpaz  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыруымен сот жүйесі қызметкерлерінің  арасында «Өз кәсібінің үздігі» және «Үздік жас маман» аталымдары бойынша сайыс өткізілді. Оның мақсаты Еңбек адамының беделін арттыру, әрбір қазақстандықтың еңбегін насихаттау болатын.

Аталмыш сайысқа барлық аудандардан  өзінің мамандығын абыроймен атқарып жүрген  сот жүйесінің 18 қызметшісі қатысты.

Аталмыш шара барысында біздің ауданнан қатысқан соттың бас маманы М.Темірғалиеваның сот саласындағы еңбегі еленіп, «Өз кәсібінің үздігі» аталымы бойынша жүлделі екінші орынды иеленді.

       www.zhaikpress.kz

Ж.Өтегенова

Тасқала ауданды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале