2.05.2016, 17:52
Оқылды: 43

Жер кодексінің жаңа енгізілімі (Инфографика)

 Infografika 03   Жерді ауыл шаруашылығы мақсатында тиімді әрі ұтымды пайдалану үшін, ауылшаруашылық жерлерді нарықтық бағыттағы айналымға енгізу шаралары қолданылды.

Нарықтық айналымдағы  жерлерді белсенді ынталандыру мақсатында жер қорының экономикалық көрсеткіштерін көтеру үшін 2015 жылдың 2 қарашасындағы ҚР Жер кодексіне өзгерістер енгізілді.


Бірінші. Жер телімдерін  аукционның жаңа механизмдері  арқылы беруді енгізу.

Жер учаскелері ҚР жеке және заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері жеке меншік құқығымен аукцион арқылы мына ретпен беріледі.

Бірінші кезекте – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыруды көздейтін аукцион арқылы.

Егер екі аукционның қорытындылары бойынша учаске сатылмаса, онда ол учаскенің бағасын кадастрлық құнының белгіленген ең төменгі шегіне (кадастрлық құнының 50 %) дейін төмендетуді көздейтін аукционға қойылатын болады.

Екінші. Жалға берілген жер телімдерін сатып алу бойынша жеңілдік шарттарын ұсыну.

Бұл норма ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларының көзқарасын  ескере отырып, жерді уақытша пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін жер үлесін жеке меншігіне 10 жылға бөліп төлеуге оның кадастрлық (бағалау) құнынан 50% мөлшеріндегі жеңілдікті бағамен сатып алу құқығына ие болады.

Сонымен қатар, ауылшаруашылық өндіріс үшін ұсынылған жер телімінің нысаналы мақсатын ауыстыру процедурасын оңтайландыру мақсатында, сонымен қатар иегерінің ұйымдастыру-құқықтық формасын өзгерткен жағдайда, ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты нысандарды салу кезінде телім мәртебесі болуы қажеттілігінің күшін жою ұсынылады.

Үшінші. Жалға алынған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша шектеулерді алып тастау. 

Ұсынылып отырған норма жерді пайдаланушыларға жалға алу құқығымен құқықтық мәмілелер жасасуға, атап айтқанда, банкке кепілге беруге, жалдау мерзімі ішінде иеліктен шығаруға мүмкіндік береді.

Төртінші. Ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімін алып тастау.

         Жер Кодексінің жаңа өзгерістеріне сәйкес ауыл шаруашылығымен айналысатындар үшін әкімшілік кедергілерді алып тастау және шығасыларды қысқарту арқылы қолайлы жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты объектілерді салу кезінде және шаруашылық жүргізу нысанын ауыстырған кезде жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту рәсімі алып тасталады.

 

ИНФОГРАФИКА

 Inff

Infografika 02

Infografika 03
Infografika 04

Infografika 05

 

Облыс аудандары Шетелдік жеке тұлғалар, га Шетелдік заңды тұлғалар, га
ОҚО (Түлкібас ауданы) 5 100
СҚО (Аққайың ауданы) 700 1500
Атырау облысы (Індір аудан) 300 500
Алматы облысы (Көксу ауданы) 235 2350
Ақмола облысы (Целиноград ауданы) 1500 4500

Infografika 06

Аудан атаулары Облыс аумағы, млн. га Шетелдік жер пайдаланушыларға жалға берілетін ауыл шаруашылық жерлер, мың га
Ақмола 14621,9 9,0
Алматы 30062,9 2,0
Ақтөбе 22356,0 29,8
Атырау 11863,1 -
ШҚО 28322,6 0,3
Жамбыл 14426,4 13,5
БҚО 15133,9 8,2
Қарағанды 42798,2 0,03
Қызылорда 22601,9 -
Қостанай 19600,1 1,6
Маңғыстау 16564,2 -
Павлодар 12475,5 -
СҚО 9799,3 -
ОҚО 11724,9 0,8
Алматы қ. 68,3 0,05
Астана қ. 71,0 0,06
Барлығы 272490,2 65,3

 

Infografika 07

 

Мемлекеттік мүлік аудан, га
Ресей Федерациясы 10236
Бірлескен кәсіпорындар 44942
Кипр 7959
Америка Құрама Штаттары 432
Германия Федеративті Республикасы 294
Қытай халық республикасы 282
БАӘ 859
Польша 45
Түркия 7
Беларус Республикасы 0,4
Украина 0,4
Австралия 0,2
Израиль 0,1
Иран 0,1
Армения Республикасы 0,4
Өзбекстан республикасы 0,2
Оңтүстік-Африка Республикасы (ОАР) 0,2
Молдова Республикасы 0,1
Бразилия Федеративті Республикасы 0,1
Латвия Республикасы 0,1
Барлығы 65058

 

 

Бірлескен кәсіпорындар аудан, га
Ақтөбе облысы  
«Көктас-Ақтөбе» АҚ Қазақстан-Германия 2766,5
«Лад» ЖШС Қазақстан-Ресей 1,6
«Молочные истории» ЖШС Қазақстан-Қырғыз 27000
«Монтаждау және құрылыс» ЖШС Қазақстан-Қытай 0,4
Жамбыл облысы  
«SMART AGRO KARKARA» ЖШС Қазақстан-Малазия 11083,8
«KAZ-ir Agro» ЖШС Қазақстан-Малазия 2482
Алматы  
«Ақсұңқар-Аль-Сакр» ЖШС Қазақстан-БАӘ 1000
«Монтажник» ЖШС Қазақстан-Корея 331,9
«Руби РОЗаГрикол» ЖШС Қазақстан-Ливан 231,8
«Азиягрупп» ЖШС Қазақстан-Германия 44
Барлығы 44942

 

 Infografika 08

Infografika 09

Ақпаратты Батыс Қазақстан облысының

жер қатынастары басқармасы ұсынды

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале