16.03.2016, 10:35
Оқылды: 35

Жеті істі болған тараптарды татуластырды

 Akjayik tatulas  Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округінің тұрғыны М. ауылдасы Н.-нің қойын ұрлаған. Ұрлықпен кім ұшпаққа шыққан дейсіз. Қылмысы ашылады. Бұл іс кәсіпқой емес медиаторлықта біраз тәжірибе жинақтап қалған чапаевтық еңбек ардагері Жігербай Қажығалиевқа тапсырылады. М. өзінің өте теріс қадамын мойындап, ауылдасының малын қайтарып беріп, одан кешірім сұрады.


Осындай барлық істегі сияқты, кәсіпқой емес медиатор бұл істі М.-ға біреудің ақадал малы есебінен пайда табудың ақыры ешкімге опа бермейтінінен мысалдар келтірумен аяқтады.

Орал – Атырау жолы бойында Чапаев тұрғыны И. өзінің жеңіл машинасымен келе жатып, М.-ның жеңіл көлігін қағып, оған 500 мыңның зиянын келтірген. Өзінің бұл қателігін мойындағанымен, алайда, зиянның орнын толтырмай, түрлі сылтау айтып, ұзаққа созып жіберген. Ақыры ол Ж.Қажығалиевтің «темір тезіне» түсті. Іс одан әрі ушыққан жоқ, шешімін тапты.

Айта кетейік, өткен жылы Ж.Қажығалиев 7 іс бойынша тараптарды татуластырып, мәмілеге келтірді.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале