16.09.2015, 14:00
Оқылды: 34

Жеңімпаздар анықталды

Karatobe sport Ashatt     ҚР Президенті – Елбасының Президенттік тестілеу сынағынан аудандық біріншілік жалғасын тапты. Алғаш сөз алған Қаратөбе ауданы әкімі Асхат Шахаров, ардагер спортшы Қали Мұқанов қатысушыларға сәттілік тілеп, жарыс жолында жеңіс тіледі.

Президенттік тестілеудің мақсаты – балаларды, оқушыларды және ересек тұрғындарды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, олардың денсаулығын және өмірдің әртүрлі сатыларында шынығуға, дайындық деңгейін анықтауға деген сұранысын қанағаттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Аталмыш президенттік тестілеуге 7 ауылдық округтен 90-ға жуық адам қатысты. Жарысқа командалар тыңғылықты дайындықпен келгендіктерін тартысты ойын барысында көрсетті.

Президенттік көпсайысқа жас ерешеліктеріне байланысты ерлер арасында 50-59 жас аралығында Қали Мұқанов (ІІ орын), қыздар арасында 40-49 жас аралығында Вера Хасанова (ІІ орын), Ұлмекен Сайновалар (ІІІ орын) қатысып, жүлделі орындардан көрінгендігін айтып өткен жөн.
Жеңімпаз-жүлдегерлерге дипломдар табыс етіліп, жеңімпаз атанғандар облыстық жарысқа жолдама алды.

www.zhaikpress.kz

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале