23.02.2016, 18:29
Оқылды: 31

ҰОС ардагері Иван Гапич БҚО-ның «Құрметті азаматы» атанды

Oblis akimi kutiktadi   Ақпанның 23-і күні облыстық мәслихаттың кезекті 31-сессиясы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, облыстық басқармалар және құқық қорғау органдарының басшылары, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, аудан әкімдері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.


Сессияны жүргізген облыстық мәслихаттың хатшысы Мәлік Құлшар БҚО қоғамдық кеңесінің ережесі мен құрамын бекіту туралы хабарлама жасады. Оның айтуынша, облыстық басылымдарда және облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында алдын-ала байқау туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін, қоғамдық кеңес мүшелерін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысында мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйымдардан келіп түскен 53 өтініш қаралды. Нәтижесінде қырық бір адам облыстық қоғамдық кеңес мүшесі болып сайланды. Олардың он үші – мемлекеттік органның, он үші – Орал қалалық және аудандық қоғамдық кеңестердің төрағалары, он бесі – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері. Қоғамдық кеңес құрамында өзге ұлыс өкілдері де бар. Облыстық қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өткізіліп, Ербол Салықов кеңес төрағасы, Ақсерік Әйтімов кеңес хатшысы болып сайланған.

Сессияда «БҚО бойынша тексеру комиссиясы» ММ төрағасы Амангелді Нұғманов «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» ҚР заңы аясында 2015 жылы 28 қарашада қолданысқа енгізілген республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің нормативтік қаулысына сәйкес тексеру комиссиясының ережесіне елу пайыз өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты ҚР Әділет министрлігінде тіркеуге алынған аталған құжаттың жаңа жобасын бекітуді ұсынды. Одан соң облыстық мәслихаттың өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша комиссиясының төрағасы Амангелді Таспихов облыстық мәслихат жанынан кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы хабарлама жасады. Ал БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамидолла Ирменов облыстан тысқары аумақта тұрғындардың емделу мақсатында бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруін қамтамасыз ету жөнінде шешім қабылдануын сұрады. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша шешім жобаларын облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады.

Жиында облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының төрағалары Ақсерік Әйтімовке, Тұяқбай Рысбековке, Амангелді Таспиховқа Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасы берілді. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ҰОС ардагері Иван Гапичті Батыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағымен  марапаттап, құттықтады.

«Наурыздың 20-сы күні  ҚР жергілікті мәслихаттың сайлауы өтеді. Біздің облыста мәслихат депутаттығына 629 үміткер тіркелді. Келесі сессияда қызмет ету өкілеттігі аяқталатын облыстық мәслихат депутаттарының құрамының тынымсыз қызмет еткенін білеміз. Өңір бойынша әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешу жолын тыңғылықты қарастырып, бюджет қаржысын ұсынықты бағыттап отырды. Мемлекеттік бағдарламалар аясында біраз жобалар жүзеге асты», – деді Нұрлан Асқарұлы ризашылығын білдіріп.

www.zhaikpress.kz

Нұртай Текебаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале