18.05.2016, 18:14
Оқылды: 28

Жол қақтығыстары азайса екен

Terekti jol kaktigisi azaitu    Бүгін аудандық Достық үйінде «Жолда азаматтарды қабылдау» республикалықакциясына орай, жиын өтті.

    Шараныоблыстық Ішкі Істер Департаменті ЖПҚ жол қозғалысын бақылауды ұйымдастыру тобының инспекторы, полиция майоры Руслан Дүйсеғалиев, ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Лезов, ІІД Жергілікті полиция басқармасының инспекторы, полиция капитаны Динара Абдукаликова, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Шайхиниязова Гауһар ұйымдастырды.


    Аталмыш жиынға Федоров селолық округінің әкімі Максим Энгелов және мекеме басшылары, ауыл тұрғындары қатысты. Акцияаясында халықпен өзекті мәселелерді жалпы жиналыста талқылап, сауаланамалар жүргізіп, жиын соңында азаматтарды жеке қабылдады.

  ІІД Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Мәкәрімұлытұрғындарға облысымыз бен аудандарымызда орын алған жол апаты оқиғаларынан бейне-баян арқылы үзінділер көрсетті. Сонымен қатаразаматтардың жол жүрісін ұйымдастыру, жүргізушілерді даярлау сапасы, жол қозғалысы ережелерін бұзғандары үшін жауапкершілікті күшейту жөніндебірқатар мәселелерді талқыға салып, тұрғындарға ескертті.Ұйымдастырушылардың әрқайсысы елімізде жиі орын алатын жол қақтығыстары жөнінде өз пікірлерінбілдіріп, ой бөлісті.Қатысушыларға жолда жүру ережелері туралы жазылған шағын кітапшалар мен күнтізбеліктер үлестірді.

    Акция соңында облыстық ІІД ЖПҚ жол қозғалысын бақылауды ұйымдастыру тобының инспекторы, полиция майоры Руслан Қабдолжанұлы ауыл тұрғыны Николай Локтионовты «Үздік жүргізуші» номинациясымен марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Күлімхан Махметқызы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале