13.10.2016, 14:09
Оқылды: 32

Жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды

brifing-13-10Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалы алаңында өткен баспасөз мәслихатында 2016-2017 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы және атқарылған жұмыстардың жай-күйі талқыланды.


 

Брифингке БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Орынғалиев, Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Мұхамбетқалиев, «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамының бас директоры Мұрат Байменов қатысты.

-Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыста 2016-2017 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары біркелкі жүргізілуде. Соңғы күндері күннің күрт суытуына орай «Жайықжылуқуат» АҚ қазан айының он екісінен бері жылыту маусымын бастады. Ағымдағы жылы дайындық жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар сұйық және қатты отынды сатып алуға 6,9 милиард теңге бағытталды. Өңіріміздегі елді мекендердің табиғи көгілдір отынмен қамтылуы көмір және сұйық отынға деген сұранысты едәуір төмендетіп отыр. Алдағы жылыту маусымына бюджеттік мекемелердің қажеттілігі 4,4 мың тонна көмір және 1,4 мың тонна сұйық отынды құрады. Күні бүгін барлық отын түрлері қажетті орындарға жеткізілді және жылыту маусымына дайын. Бұл жұмыстарға 323,4 миллион қаражат жұмсалды. Бүгінгі күні 645 білім беру, 407 денсаулық сақтау, 379 әлеуметтік нысандар, сонымен қатар 1269 көп қабатты тұрғын үйлер маусымға толықтай дайындалып, жылыту жүйесіне қосылды.

Республикалық бюджет қаражаты, сонымен қатар коммуналдық кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен 12,5 шақырым жылу желілерін, 15,8 шақырым су құбырлары және кәріз желілерін, 666 шақырым электр желілерін, «Жайықжылуқуат» АҚ жылту қазандықтарымен жылу желілерін салуға, жөндеуге және қайта құрылымдауға 295,7 миллион теңге қарастырылған болатын.  Күні бүгін 141,4 миллион теңге қаражатқа 7,9 шақырым жылу желілерін күрделі жөндеуден өтті. Жылу электр орталығын жөндеуге 154,2 миллион теңге қарастырылған болатын, барлық жөндеу жұмыстары аяқталды. Кәсіпорынның теңгерімінде 19 қазандық бар. Күні бүгін барлық қазандықтар тексеруден өтіп, жылыту маусымына толықтай дайын,-деді Ғалым Орынғалиев.

 Нұрбек ОРАЗАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале