16.03.2016, 10:33
Оқылды: 23

Жыл басталғалы 11 356 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

 Akimshilik kykik byzushilik  Батыс Қазақстан облысында ұсақ құқық бұзушылықтар мен тәртіп бұзушылықтарға  «мүлдем төзбеушілік» бағыты бойынша жұмыс жүргізу тәртіп сақшыларының басты тапсырмаларының бірі болып саналады.


Ағымдағы жылдың 2 айында «мүлдем төзбеушілік» қағидатын іске асыру бойынша БҚО Ішкі істер органдары тарапынан 11 356 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 39,7 %-ға артып отыр. Соның ішінде жергілікті полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 878 құқықбұзушыны ұстаса, соның ішінде 138 азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 63 азаматтың әрқайсысына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Салынған айыппұлдың көлемі миллион теңгеден астам қаражатты құрап отыр.

Учаскелік полиция инспекторларының көмегімен тыныштықты бұзған 348 адам анықталса, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 2718 азамат; жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін – 1519; қоғамдық орындарда азаматтарға тиіскені үшін – 33 және 2571 жүргізуші автокөлік салонынан қоқыс лақтырып, ортаны ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  505-бабына сәйкес, яғни, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзған 789 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерлерде болуына жол берген 334 ата-анаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

  Осыған сәйкес ішкі істер органдарының қызметкерлері қала тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында алдын алу шараларын жүргізуде. Атап айтар болсақ, учаскелік полиция инспекторлары өздерінің әкімшілік учаскелерінде жүріп-тұру қағидаттарын сақтау және орын алған жағдайда қандай шаралар қолданылатыны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осыған ұқсас шаралар жоғары оқу орындарында да үнемі ұйымдастырылып отырады. «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын жүзеге асыру мақсатында полиция қызметкерлері облыс және қала тұрғындарына орын алған түрлі құқық бұзушылықтарға, соның ішінде қоғамдық жерлерде шылым шегу, ішімдікке салыну, көшеде қоқыс лақтыру секілді ұсақ құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамай, ескерту жасап, аталған құқық бұзушылықтардың жасалып жатқанын көре тұра айналып өтпей, өз азаматтық парызы ретінде, оның жолын кесу мақсатында полиция қызметкерлеріне хабарлауы қажет, қажет болған жағдайда олардың жолын кесу үшін куәгер болып, көрген көріністерін жасырмауы керек.

Егер баршамыз көшедегі бұзушылықтарға немқұрайлы қарамай, бірлескен жағдайда ғана қоғамда тәртіпті пен мәдениетті сақтап қалуға болады.

www.zhaikpress.kz

Асылай Губашева

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале