18.12.2015, 23:28
Оқылды: 25

«Жыл үздігі-2015» облыс жастарының сыйлығы байқауы өтті

Filarmonia Бүгін Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында «Жыл үздігі-2015» облыс жастарының сыйлығы байқауы өтті.

Оған өңір басшысы Нұрлан Ноғаев және облыстық басқармалар, мекемелер, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары, белсенді студенттер, жастар ұйымдарының жетекшілері мен мүшелері қатысты.


Аталған байқау облысымызда 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. Облысымыздағы жастар саясатын кеңінен насихаттау және жүзеге асыру, облыс көлемінде жыл бойына жастар қозғалысының дамуына белсене араласып, әр салада өз кәсіби шеберлігін көрсеткен ел ертеңі деп сенім артылған жастарды анықтап және марапаттап келеді. Жыл сайын мемлекеттің қуатты күші саналатын жас буынның жаңа есімдері аталуда.

Биыл да «Жыл үздігі-2015» жастар сыйлығы байқауында 12 аталым бойынша үздік деп танылған жастар таңдалды.

 www.zhaikpress.kz

Ә.Кереев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале