18.05.2015, 16:45
Оқылды: 28

Жыр мүшайрасы қорытындыланды

muwairaҰлы Жеңістің 70 жылдығына орай жарияланған «70 игі іс» айлығының аясында ұйымдастырылған «Тарихтағы Ұлы Жеңіс» атты облыстық мектеп оқушылары арасында өткізілген жыр мүшайрасы өз мәресіне жетті.

Облыс аудандарынан барлығы 27 жас ақын қатысқан жыр мүшайрасы әуелі арнайы құрылған әділқазылар алқасының іріктеуінен өтіп, үздік деп танылған 4 қатысушының еңбектері Жастар ресурстық орталығының парақшасына салынып, әлеуметтік желі қолданушылардың дауысы нәтижесінде қатысушылар І, ІІ, ІІІ және арнайы жүлдені иеленді.

Абдиров Әділет Азылханұлы (І орын), Қадірбеков Мейрамбек Әлібекұлы (ІІ орын), Нұртаев Азамат Асылбекұлы (ІІІ орын) иеленсе Жаңақала ауылының жас ақыны Ғилымханов Мәрлен Жастар ресурстық орталығының арнайы жүлдесіне ие болды.

Аталмыш жыр мүшайрасында І орын алған Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылы М.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Абдиров Әділет Азылханұлы 15 мамыр күні Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында болды. Өлеңіне Отаны мен туған жерін, ауылын арқау еткен жыр жеңімпазын Жастар ресурстық орталығының ұжымы құттықтап, диломмен естелік сыйлық табыс етті.

Аудандық Қадыр, Махамбет оқуларының жеңімпазы, "Жайық толқыны" облыстық фестивалінде "Жас ақын" номинациясы бойынша І орын алып, "Хрустальды шоқыр" иеленген талантты жас өреннің қаламы ұшқыр, жырлары жалынды болсын деген ниеттеміз.

Қалған жүлдегерлер мен барлық қатысушыларға арналған сыйлықтар мен алғыс хаттар аудандық деңгейдегі арнайы шараларда марапатталмақ.

Ендеше елім деп жыр жазып, болашаққа өлеңмен даңғыл жол салар жас өрендеріміз көбейе берсін!

  www.zhaikpress.kz

Лаура Есқалиева,

БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығының кеңесшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале