5.10.2016, 15:29
Оқылды: 121

Жұбан оқулары өтті

%d0%b6%d1%83%d0%b1%d0%b0%d0%bd-%d0%be%d0%ba%d1%83%d0%bb%d0%b0%d1%80%d1%8bЖұбан Молдағалиевтің туған күніне орай «Мәңгілік Ел идеясы - Жұбан жырында» атты шара өтті. Жұбан саябағында өткен шараға кітапхана оқырмандары және студенттер қатысты.


Шара барысында М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенттері Құрманай Зәуір, Нұрсұлтан Садықов «Мен қазақпын» өлеңін оқыды. Сонымен қатар Орал техникалық және Орал педaгогикалық колледждерінің студенттері ақынның «Туған елге», «Қазақ тілі», «Нарынға сәлем», «Жағаңда тұрмын, Жайығым» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

–Мен Жұбан атаның өлеңдерін оқып өстім. Оның шығармашығынан туған жерге деген махаббатты сеземін. Бүгінгі шараға шын жүрегіммен қатысып отырмын,-дейді Орал технологиялық колледжінің студенті Ксения Колесникова.

Елге келгенде ақынды қарсылап, дәмдес болған және оның біраз әңгімелерін естіген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков, Ғазез Хаймулдин, Нұрлан Ізтілеуов және Гүлжу Мәжитқызы ақын туралы естелік ойларымен бөлісті.

–Жұбан оқулары биыл 16 рет өткізілуде. Бұл шара облыс бойынша барлық кітапханаларда ұйымдастырылып, оған екі мыңдай адам қатысып отыр. Демек, Жұбан өлеңдеріндегі ойды насихаттаудың тағы бір сатысына көтерілдік,-дейді Ж. Молдағалиев атындағы кітапхана директорының орынбасары Сара Кенжебаева.

 

Айым Төлеуғали

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале