30.10.2015, 13:05
Оқылды: 18

«Жұлдыз-ай» фестивалі өтті

жулдызайТасқала аудандық мәдени-демалыс орталығының концерттік залында «Жұлдыз-ай» балалар шығармашылық фестивалі өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова қатысты.

Концерттік бағдарлама Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған театрландырылған көріністен басталып, Наргиза Юсупованың орындауында «Мерекеңмен, елім!» атты әнімен аяқталды.

Фестиваль соңында аудандық мәдени-демалыс орталығы барлық қатысушыларға сыйлықтар таратса, ал аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Қазпошта» АҚ-ның басшысы М.Нұрмұхамбетова ақшалай сыйлық тарту етті.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале