27.05.2015, 22:44
Оқылды: 19

Жәнібекте тазарту жұмыстары жүргізілуде

Janibek tazartu jymistariБұл күндері Жәнібек ауылының оңтүстік беткейіндегі тұрмыстық қалдықтар шығарылатын полигон маңын жинақтап, бір жерге үю жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл істі  ауыл тазалығын қалыпты ұстау мақсатында қаралған 449 мың қаржыны электронды портал арқылы ұтып алған  «Бибі» жеке кәсіпкерлігі қолға алған.

–Жұмысты бастағанымызға бір апта болды,-дейді аталған жеке кәсіпкерлік жетекшісі Бейбіт Дауымов,-Ұзындығы бір шақырымдай полигондағы қалдықтарды тазалап, 200 метр қашықтыққа үйіп жатырмыз. Дәл қазір 500 тонна қалдық тұрған орнынан итеріліп, 200 тоннасы  тасылды.

Осы істің  басы-қасында жүрген Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары Мейрамбек Ибатовтың айтуынша полигонның айналасын ретке келтіру жұмыстарын 15 маусымға дейін аяқтау көзделінген.

www.zhaikpress.kz

Н.ӨТЕЙ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале