3.10.2016, 12:22
Оқылды: 24

Жәнібекте тыл еңбеккеріне құрмет көрсетілді

????????????????????????????????????

      Біздің үлгі тұтарымыз ата-әжелеріміз. Үлкендерді сыйлау ата-бабаларымыздан сақталған дәстүр.   Осы орайда, бүгін Халықаралық қариялар күні аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин және облыстық мәслихатының депутаты Ескендір Илимесов аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Уәлиев және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Мейранбек Ибатов Жәнібек ауылының тұрғыны, тыл және еңбек ардагері, бүгінде жасы 93-ке келген  Надежда Петровна Морозованың шаңырағында болып, әжейдің амандық-саулығын сұрасты, хал-жағдайымен танысты.


   Аудан басшысы Наурызбай Қадырбайұлы жерлестері атынан Надежда Петрованы мерекемен құттықтап, тарту-таралғысы мен гүл шоғын  табыстады.  Надежда Морозова жалынды жастық шағында Ұлы Отан соғысы жылдары трактор айдап, колхоз жұмысына белсене араласып, Ұлы Жеңіске үлес қосқан жан.

      -Мені ұмытпай, елеп. Құттықтай келгендеріңізге ризамын. Қариясын құрмет тұтып, қамқорлық жасап отырған үкіметке алғыс айтамын. Менің жасымдай ғұмыр кешуді сіздерге де бұйырсын. Еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жүрген еңбектеріңізге  толайым табыс тілеймін,-деді ризашылық пейілде тыл ардагері.

     Наурызбай Қадырбайұлы Надежда Петровнаға зор денсаулық, амандық  тілеп, ортамызда аман-есен жүріңіз. Сіз сияқты тыл еңбеккерлерінің сонау қиын-қыстау, сұрапыл соғыс жалдарындағы еселі еңбек жолдарын жеткіншек ұрпаққа үлгі етеміз,- деді.

                                                                                                А.БАТЫРХАНОВ

                                                                                                  Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале