22.12.2015, 11:48
Оқылды: 17

Жәнібекте шырша шамы жағылды

Janibek shirsha shami jagildi   Жәнібек ауылындағы орталық алаңда жаңажылдық шыршаның шамын жағу рәсімі өтті.


Әуелеген әнмен ашылған салтанатты шарада аудан әкімі Мұрат Мұқаев сөз алып, биылғы жылдың еліміз үшін көптеген даталы оқиғаларға толы болғанын, Елбасының тапсырмаларына сәйкес ауданымызда да біраз істердің басы қайырылғанын, атап айтқанда, Жәнібек – Қазталов бағытындағы жол құрылысы басталғанын, аудан орталығында 290 орындық балабақшаның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенін, ауыл шаруашылығы саласында 300 млн. теңге қаржыға қол жеткізілгенін, ауылдық округтерде жазғы спорт алаңдарының салынғанын, волейболшыларымыз бен палуандарымыздың түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындардан көрініп жүргенін, білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, құрылыс салаларында да ілгерілеушіліктердің бар екенін тілге тиек ете келіп, «еліміз өркендеп, дами берсін, алға, Қазақстан!» деді.

Бұдан кейін Мұрат Рахметұлы жанындағы өзін күтіп тұрған бүлдіршіндерді жетелеп барып, сиқырлы таяқшамен қараңғылық құшағында маужырап тұрған жасыл шыршаның шамын жақты. Жиналған қауым шыршаны айнала би билеп, ән-думан одан әрі жалғасты. Оның соңы отшашуға ұласты.

www.zhaikpress.kz

А. ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале