13.09.2016, 10:36
Оқылды: 17

Жәнібектіктер – жеңімпаз

%d0%b6%d3%99%d0%bd%d1%96%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d1%82%d1%96%d0%ba%d1%82%d0%b5%d1%80-%d0%b6%d0%b5%d2%a3%d1%96%d0%bc%d0%bf%d0%b0%d0%b7  Көршілес Бөкей Ордасы ауданының орталығында «Нарын жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен осы бірлестіктің кубогі үшін шағын футболдан халықаралық жарыс оздырылып, оған Астрахан облысының Төменгі және Жоғарғы Басқұншақ қалаларынан, Жаңақала, Қазталов, Жәнібек аудандарынан және алаң иелерінен «Сайқын-1», «Сайқын-2» командалары қатысты.


        Байрақты бәсекеде жерлестеріміз өз тобында «Жаңақала», «Сайқын-1», «Төменгі Басқұншақ» командаларын ұтып, бірінші орынға шықса, жартылай финалда «Сайқын-2» командасын 6:2 есебімен ойсырата ұтты. Ал финалдық ойында «Қазталов» командасымен кездесіп, өзара кім мықтыны анықтауға күш салды. Ойынның аса тартысты өткені сондай, негізгі кезең 6:6 есебімен тең аяқталды. Тек қосымша уақыттың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда, жерлестеріміз азулы қарсыластарынан жеңісті жұлып әкетті. Есеп – 7:6. Жарыс қорытындысында «Жәнібек» командасы кубокті қанжығаға байлап, дипломмен марапатталса, команда ойыншысы Руслан Уталиев «Үздік ойыншы» аталымына ие болып, дипломмен наградталды.

 Асқар ҚҰСАЙЫНОВ

Жәнібек ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале