15.05.2015, 17:04
Оқылды: 32

Жәнібек аудандық орталық ауруханасына кеңес беруге келді

Janibek kenes beruge  Жәнібек аудандық орталық ауруханасына бүгін облыстық көпбейімді балалар ауруханасының балалар дәрігері, консультациялық-диагностикалық емхананың меңгерушісі Майна Есмағамбетова, дәрігер-хирург Гүлнар Елаева және дәрігер-нефролог Гауһар Тұрланқызы іссапармен келіп, балаларға ем-дом жасады. –Бұрыннан есепте тұрған және облыстағы дәрігерлерге көрсету үшін жаңадан есепке алынған балаларды емдеп, консультациялық көмек көрсетеміз. Бір сөзбен айтқанда балалар ауруының алдын-алу жұмыстарын жүргіземіз. Осы жұмыстарды жүргізу үшін Жәнібекте бір күн аялдаймыз,-дейді Майна Есмағамбетова.

     Таңертеңнен бастап ата-аналар балаларын облыстан келген балаларға қарату мақсатында аудандық орталық ауруханаға ағылуда. Бірер сағаттың ішінде дәрігерлер 5-6 баланың денсаулығын тексеріп, консультациялық көмектер жасаған.

www.zhaikpress.kz

         Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале