26.05.2015, 23:55
Оқылды: 18

Жәнібек ауданында жаңа бөлім басшысы тағайындалды

Janibek mekemede jana basshi    Жәнібек ауданы әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының келісімі бойынша аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып Жарқын Хайырлиев тағайындалды. Бүгін жаңа басшыны аталмыш мекеме ұжымына аудан әкімінің міндетін атқарушы Біржан Қуаналиев таныстырды.

-Аталған бөлімнің бұрынғы басшысы Еділ Хабиевтің жақында зейнетке шыққанын білесіздер,-деді ол, - Ол осы лауазымда ұзақ жыл қызмет істеп, міндетін мінсіз атқарды. Оның орнына басшы болып тағайындалып отырған Жарқын Ғиниятұлы Хайырлиев 1975 жылы туған. Білімі жоғары, 1997 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін бітірді. 2003-2013 жылдар аралығында Жәнібек ауылдық округі әкімінің аппаратында маман, бас маман, Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісі, аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде бас маман және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман болып қызмет атқарды. Осы жылдар ішінде ол өзін тек қана жақсы жағынан танытты. Жарқын Ғиниятұлы бөлім басшысы лауазымын да абыроймен атқарады деп сенеміз.

Жаңадан тағайындалған аталмыш бөлім басшысы өзіне көрсетілген зор сенімге алғысын білдіріп, лауазымды қызметті мүлтіксіз атқаратынына сендірді. Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Жақсылық Абдолов қатысты.

www.zhaikpress.kz

                                                                                Н.Өтей

                                                                                Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале