24.11.2015, 10:21
Оқылды: 35

Жәнібек ауданы Ақоба ауылында жаңа нысандар ашылды

Janibek Akoba01   Хаби Халиулин, Қапан Мусиндей тұлғалар дүниеге келген аймақ дүбірге бөленіп, Ақобаға ағылған ағайында есеп болмады.


Ауылдың ортасында заманауи шағын футбол алаңы мен мәдени демалыс саябағы бой көтеріп, ауыл тұрғындарын қуанышқа кенелтті. Аталмыш нысандардың ашылу салтанатында аудан әкімі Мұрат Мұқаев пен тыл ардагері Есенболат Хасенов шағын футбол алаңының лентасын қиды.

Аудан басшысы жиналған қауымды құттықтап, ақжарма тілегін айта келе:

-Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында игілікті істер атқарылып,еліміз дамудың даңғыл жолында. Соның бір көрінісі Ақоба ауылында бой көтерген мәдени демалыс саябағы мен шағын футбол алаңы. Осындай алаңдарды барлық ауылдық округдерде саламыз деген жоспарымыз бар. Тұңғыш Президент күнімен және Тәуелсіздік мейрамымен тұспа-тұс келіп отырған қуанышыңызбен тағы да шын жүректен құттықтаймын!» - деді. Мұрат Рахметұлы өнер және спорт саласында қызмет етіп жүрген аталмыш ауылдың бір топ азаматтары: Мұхтар Бисенғалиев, Жансерік Қалмияров, Елдос Әліпқалиев және Қырмызы Бисенғалиеваны алғыс хаттармен марапаттады.

Janibek Akoba 02

Шарада тұрындар атынан Х.Халиуллин атындағы ЖББОМ-ның дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жансерік Қалмияров пен аудандық маслихат депутаты Мұхтар Бисенғалиев сөз сөйледі.

Мұнан соң, шақырулы меймандар мен ауыл тұрғындары жаңа мәдени демалыс саябағына беттеді. Саябақтың лентасын аудан әкімі Мұрат Мұқаев пен тыл ардагері Хауа Ешматова қиды. Осыдан кейін аудан әкімі қолына күрек алып, «Символ» ЖШС жетекшісі Ескендір Елемесовпен бірге жаңа саябаққа ағаш отырғызды. Жақсы іске бастамашы болып, үлгі көрсетті. Олардан кейін аудандық маслихат хатшысы Тахир Қадимов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев және ауыл ақсақалдары да көшет отырғызды.

Шараның соңы жаңа шағын футбол алаңында Ақоба мен Тау ауылы жастарының футболдан жолдастық кездесу ойынымен ұласты.

www.zhaikpress.kz

Д.ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале