20.07.2015, 19:41
Оқылды: 19

Жәрмеңкеде өнім мол

  Janibek jarmenkede onim mol Әр сенбіде аудан орталығындағы базарда өтетін жәрмеңкеде осы жолы Қамысты, Талов, Борсы, Тау, Ұзынкөл ауылдарының кәсіпкерлері келіп өз өнімдерін сатты.

Сиыр мен қой етін сатушылардың қарасы көп болды. Қой етінің бір келісін 800-850, ірі қара малдың етін 900 теңгеден өткізіп жатты. Ал картоп, қияр, қызанақ секілді бақша көкөністері сәйкесінше 90, 60 және 150 теңгеден сатылды. Мұнда капуста, пияз, күнбағыс майы, макарон өнімдері де аз болған жоқ. Сондай-ақ, мерзімі басталған қарбыз бен қауын қолжетімді бағамен сөрелерді толтырып тұрды. Сатушылар сұранысқа ие сары май, құрт, ірімшік өнімдерін қолдан-қолға тигізбей лезде алып кеткендігін тілге тиек етті.

Тау ауылындағы «Сұңқар» шаруа қожалығының иесі тайлап буылған шөптің әр данасын 250 теңгеден тұтынушыларға ұсынды.

Қамысты ауылының тұрғыны Ахтан Ишанов жәрмеңкеге қой етін әкеліпті.

-Еттің бір келісі 800-850 теңге  тұрады. Өтімі жақсы, түске дейін түгел өткізіп кетеріміз анық, - деді ол.

Жәрмеңке өткізу жақсы дәстурге айналғанына халық дән риза.

www.zhaikpress.kz

Данияр ОСПАН

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале