1.07.2015, 21:22
Оқылды: 26

Заманауи талапқа сай жаңартылған орталық саябақ ішін аралап көрді

ZH Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев Қаратөбеліктердің демалыс орнына айналған, заманауи талапқа сай жаңартылған орталық саябақ ішін аралап көрді.

Орталық саябақты жаңартушы «Сұңқар» ЖШС-нің (басшысы Хайдар Бекқарнаев) еңбегі елеулі-ақ. Орталық саябақ ішіне жаяу жүргінші жолы төселіп, 55 орындық және 41 тазалық жәшігі орнатылған. Кіреберіс қақпа алдына тұрақ үшін асфальттан алаң төселінген.

Ұлы Отан соғысынан оралмаған 2480 жауынгердің есімі жазылған ескерткіш тақта мен өңірден шыққан атақты 8 азаматтың өмірбаяны жазылған тақта ел тарихынан сыр шертеді.

Балалар ойын алаңына да орын берілген. Ондағы гүлзарлар мен көшеттер суландыру жүйесі арқылы суландырылады. Тәуліктің түнгілік мезгілінде саябақтың аумағын жарықтандыруға 47 жарықтандыру шамдары көрік қосады.

Соңғы жылдары дамудың жаңа сатысына көтерілген аудандағы игі істерге оң бағасын берген облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашевтың Қаратөбе өңіріне сапары барысында Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет бірге жүрді.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале