12.10.2015, 14:08
Оқылды: 38

Зейнетақы жүйесі түсіндірілді

ZHҚаратөбе аудандық зейнетақы төлеу орталығының басшысы Сағима Далабаева «Балдырған» бөбекжай балабақшасы қызметкерлерімен және бүлдіршіндердің ата-аналарының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.

 Орталық басшысы жиналғандарды бөлімнің атқарып отырған жұмыстарынан хабардар етіп, зейнетақы жүйесі бойынша 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап өз күшіне енетін өзгерістерді түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда зейнеткерлікке шығатын азаматтардың еңбек өтілі тек қана 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін алынатындығы, ал алдағы уақытта еңбек өтілі толыққанды есепке алынып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне өзгерістер енгізілетіндігі атап өтілді.

- Зейнетақы төлеу жүйесіндегі өзгерістер зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділеттілік орнатуға, бүгінгі және болашақ қызметкерлер буынының еңбек қатынастарын заңдастыруды ынталандыру үшін мүмкіндік береді. Сол себепті әр адам өзінің жинақтаушы зейнетақы қорына аударылатын қаражаттарына бақылау жүргізіп, уақытылы аударылуын қамтамасыз ету керек, - дейді Сағима Сәулебайқызы.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале