11.05.2016, 13:22
Оқылды: 44

Зеленовта Отан қорғаушылар күніне арналған шара өтті

????????????????????????????????????

     Зеленов ауданы орталығындағы «Жеңіс» саябағында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Шараға аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Аманжол Кубашев, интернационалист жауынгер Андрей Каверин, қатысты.


     Жиналғандарға арнаған Аманжол Жұмабайұлының: -Қазақ әскері әр кезде де өзінің батыл жауынгерлерімен аты шыққан армия. Еліміздің ұлдары жер үшін, отан үшін қандай ерлік көрсеткенін тарихтан білеміз. Барлықтарыңызды осы бір мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Отанға адал, елге қайырымды, отбастарыңызға мейірімді болыңыздар-деген тілегінен соң ортаға шыққан оқушылар отан қорғаушыларға арнаған әсем әндерін орындап, тамаша өлеңдерін арнады.

    Кейін мәңгі алауға гүл шоқтарын қойып, екінші дүниежүзілік соғыстан оралмаған сарбаздарға тағзым етілді. Шара шымылдығы болашақ Отан қорғаушылардың парадымен жабылды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале