25.12.2015, 21:27
Оқылды: 27

Зеленовта халқым деп қалтықсыз қызмет еткендерге құрмет көрсетті

Zelenov halkim dep     Елім деп еміренген, жерім деп тебіренген жандардың  елеулі еңбегі естен кетпек емес әсте.

         Зеленов аудандық  мәслихат депутаттарының оң шешімінің нәтижесінде қос бірдей жанға құрмет көрсетілді. Тінін тарқатар болсақ, аудан басшысы Кәрім Жақыпов Ақсерік Әйтімов пен Вера Шохиналардың иығына  «Зеленов ауданының Құрметті азаматы» деген жазуы бар лента ілді. Сонымен бірге Құрметті атақтың төсбелгісі мен куәлігін табыстады.

         Айта кетейік, Ақсерік Сарыұлы қазіргі таңда Орал қаласындағы "ҚазИИТУ" ғылым-білім кешенінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, облыстық мәслихат депутаты , ал Вера Кузьминична болса, Қазақстан мәслихатының Құрметті депутаты, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.

         Өңіріміздің өркендеуіне  сүбелі үлес қосып келе жатқан марапат иелері өз кезегінде еңбектерін елеген аудан жұртшылығына ризашылықтарын жеткізді.

www.zhaikpress.kz  

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале