16.06.2015, 19:09
Оқылды: 23

Зеленов ауданында «Достық» демалыс лагері ашылды

Zelenov dostik lageri  Зеленов ауданында «Достық» демалыс лагері салтанатты түрде ашылды. Осынау шараға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев барлық демалушы бүлдіршіндерге демалыстарыңызды сәтті өткізіп, осы жерде танысқан жаңа достарыңызбен қарым-қатынастары үзілмей, достықтарың ұзақ болсын деген тілегін білдірген соң ортаға ертегі кейіпкерлері келіп, балаларға тамаша көрініс көрсетіп, қызықты жұмбақтар жасырды.  Биыл маусым айының 15-сі мен тамыз айының 15-не дейін жұмыс жасайтын лагерь 7 ауысымда ауданның барлық округтерінен келген 270 баланы қабылдайтын болады.

«Бұл демалыс орнында балалар тек іштегі ойын-сауық ойындарына қатысып қана қоймайды. Табиғат аясына да шығарамыз, ауламызға жаңа бассейін орнаттық сонда шомылатын болады. Сондай-ақ Орал қаласы мен аудан орталығындағы кинотеатрға апару да жоспарымызда бар»,-дейді аудандық экология және туризм орталығының басшысы Галина Терехова.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале