15.10.2015, 14:02
Оқылды: 36

Зеленов ауданында жат ағымдағы 24 отбасында 59 бала тәрбиеленуде

хиджабБұл туралы аудан әкімі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы С.Сафиуллин баяндады.

Аудан мектептерінің терроризмге қарсы қорғалу жағдайы туралы мәлімдеген бөлім басшысының айтуынша, аудандағы 46 мектептің 29-ның төлқұжаты жасақталып, қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында жауапты қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Ауданда өзге діни бағытты ұстанған 24 отбасында 59 бала болса, олардың 55-і мектеп жасында. Ол балалардың барлығы да білім алу үдерісінен тыс қалмаған. Аталған 24 отбасының 23-і толық жанұя да, біреуінің отағасы бас бостандығынан айырылған көрінеді.

www.zhaikpress.kz

Н.Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале