13.05.2015, 18:56
Оқылды: 14

Зеленов ауданында жол апаты орын алды

wevroleОрал-Атырау тас жолының 65 шақырымында «ВАЗ 21060» автокөлігі мен «Шевроле Авео» көлігі соқтығысты.

Оқиға салдарынан ВАЗ  көлігінде отырған жолаушы жарақат алып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Медициналық тексеру барысында жолаушының миы шайқалып, сол жақ бұғана қабырғасы сынғандығы анықталды.

Оқиға орнына жеткен аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері оқиғаның қай көлік иесінің салғырттығынан болғандығын анықтауда.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале