11.04.2016, 18:10
Оқылды: 15

Зеленов ауданында жылына 100 га жерге көшеттер отырғызылады

????????????????????????????????????

      Табиғаттың көркі айналамызды қоршаған саялы бақтар мен орманды далалар, көгалды алқаптар екені белгілі.

     Зеленов ауданы, Январцев ауылының бір ерекшелігі 1949 жылы іргетасы қаланған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі орналасқандығы. Табиғатты жаны сүйетін ұжымда 60 адам адал қызмет атқаруда. Кез келген төтенше жағдайға тап-тұйнақтай дайын тұратын 10 адамнан құралған өрт сөндіру қызметкерлері де бар.


     24 мың га жерді алып жатқан орман алқабы 4 құрамнан тұрады. Олар: Дариян, Рубежка, Кирсан, Январцев. Алқап күрт өзгеретiн, құрғақ климатты.

    Қалың орманда ақ және қара теректер,  қарағаш, шаған, емен, қарағай бұтақты және талды ағаштар тамыр жаюда. Әсіресе, қарағай 3000 мың га жерді алып жатса, емен ағашы қызыл кітапқа енгізілген.

     Ал, орман  хайуанаттарынан  бұлан, қабан, елiк, құндыз, қасқыр, түлкi, қоян, суыр т.б жануарлар мекен етсе, өзендерде негізінен бекіре тұқымдас балықтар. Сонымен бірге, қызыл кітапқа енген, жойылып кету қаупі бар, сирек кездесетін жануарлар: дақты бұғы, орман сусары, еуропалық қаракүзен,  субүркіт, үкі, құр, бұлан, елік, сілеусін ерекше қорғауға алынған. Сиреп бара жатқан жануарларды қорғау мекеме қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі.

     Сондай-ақ, жылына кең далаға 100 га жерге жаңадан талдар, ағаш көшеттері отырғызылады. Жансыз тіршілік иелері де қорғауды қажет етеді. Өйткені, кеймаусымдарда заңсыз түрде таңның атысы мен кештің батысына қарамастан адамдар бірі отынға, бірі сатуды көздеп ағаштарға қол сұғады екен. Ұзақ жылдың жемісімен жетілген қазынамыз-орман алқабын аялап әр тұрғын қаперінде ұстаса игі.

www.zhaikpress.kz

Динара ТІЛЕКҚЫЗЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале