24.12.2015, 10:35
Оқылды: 16

Зеленов ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын қорытыландылау кеші ұйымдастырылды

  Zelenov bak kaida barasin  Зеленов ауданындағы «Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын қорытыландылау кеші ұйымдастырылды.

Жиналған жұртшылық  алдымен аудандық кітапхана ұжымы  дайындаған көз тартар керемет көрмені тамашалады. Бұдан әрi салтанат басты сахнада жалғасын тауып, маңызды жыл аясында атқарылған шаралар жөніндегі бейнебаянмен өрілді.


Әртүрлi ұлттардың бауырластық қарым-қатынаста өмiр сүрiп жатқандығын тiлге тиек еткен  аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов бұл жылы ел үшін  атқарылған  шаруалардың басын қайырды. Содан  соң Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған iс-шараларға белсендi қатысып, ұлтаралық және конфессияаралық келiсiмдi нығайтуға сүбелi үлес қосқан  бір топ азаматтар мен ұлттық мәдени  бірлестік өкілдерін салтанатты түрде  марапаттады.

Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай жеткен әрбір жетістіктің, асқан  асудың өзегінде - елдегі тыныштық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен бірлік жатқаны  баршаға  аян. Биылғы Жолдауында Елбасымыз: «Елдігіміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз  керек. Біріміз - бәріміз үшін, бәріміз-біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз» деген болатын.

Шара барысында  сөз алған «Нұр Отан» партиясы аудандық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Нұржан Дүзбатыров Ұлт Көшбасшысының халыққа Жолдауын талқылай отырып, жұдырықтай жұмылғанда ғана бұл сыннан абыроймен өтетіндігімізді айтып өтті.

Сондай - ақ, Үлкен Шаған  ауылындағы білім ошағының директоры  Ботагөз Ислямова өз сөзінде осы жылы мектепте жасалған қыруар істің тінін тарқатып шықты.

Татулықтың туы желбіреген бұл шарада өнерпаздарымыз бірлік,ынтымақтастық, достық тақырыбында алуан-алуан  әндер шырқап, көпшіліктің мерейін шалқытты.

www.zhaikpress.kz

Самал  ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ

Зеленов  ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале