20.05.2016, 13:23
Оқылды: 26

Зиялы қауым өкілдерімен кездесті

20052016 Akim     Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Оралдағы Достық үйінде зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

     Өңір басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Тәуелсіздіктің 25 жыл ішінде мәдениет саласындағы жеткен жетістіктерге тоқталып өтті.


   -Биыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өткелі отырмыз. Осы жылдар ішінде мәдениет салсында көптеген жұмыстар атқарылды. Әлі де атқарылар жұмыстар көп.   Елбасы мән-маңызы зор мәдение шараларға көңіл бөліп,, осы салада жұмыс істейтін қызметкерлерін қолдауды үнемі назарында ұстайды. Барлық батысқазақстандықтар биылғы өтетін маңызы шараларға белсене атсалысады деп сенемін,- деді Алтай Көлгінов.

    Басқосуда сөз алған өлкетанушы Жайсаң Ақбай, ақын Ақұштап Бақтыгереева, журналистика ардагері Тихон Әліпқалиев, актриса Гүлжан Шынтемірова және өзгелері мәдениетті, өнерді дамыту  бағытындағы түйткілді мәселелерді  ортаға салып, ой-пікірлерімен бөлісті.

   Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың айтуынша, қазіргі уақытта мәдениет және өнер саласында 5 мыңға тарта адам жұмыс істейді. Сала қызметкрелерінің жалақысы 20-дан 40 пайызға дейін көтерілді. Өңір аумағынжа жаңа мәдениет нысандары бой көтеруде. Биыл да бұл бағыттағы шаруалар жалғасын табады. Биыл мәдениет саласын дамытуға 6 млрд. теңге қаржы бөлінген.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале