23.05.2016, 19:43
Оқылды: 22

Имамды еске алуға арналған игі шара

Bokei kyrannan jaris    Жерлестерін имандылыққа ұйыту жолында 10 жыл (1994-2004) тер төккен Сәрсенбай Әшенұлының туғанына 80 жыл толуына орай аудандық мешітте аудан, мекеме басшыларының, қоғамдық ұйымдар мен ауыл имамдарының, марқұмның отбасы, тума-туыстарының, жалпы жұртшылықтың қатысымен үлкен жиын, есте қаларлық ұлағатты шара өтті.


    Әрі өзі негізін қалаған мешіт қабырғасына ескерткіш тақта орнатылып, оның жамылғысын ашу аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов пен марқұмның жұбайы Зәуреш апа мен ұлы Темірханға ұсынылды.

    Шараның ең маңызды тұсы – ол имамды еске алуға арналған Орал медресесі шәкірттерінің арасында өткізілген облыстық құран оқу жарысы болды.

www.zhaikpress.kz

А.АҚМУРЗИН

Сайқын ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале