10.11.2016, 16:15
Оқылды: 21

Қазталов-Орал тасжолында жол-көлік оқиғасынан екі бала зардап шекті

машина           Қарашаның 6 күні Қазталов-Орал тасжолында 1971 жылы туылған азаматтың басқаруындағы «ВАЗ-21151» маркілі автокөлігі Қараөзен ауылынан шыға берісте Қазталов ауылынан Оралға бет алған 1967 жылы туылған азаматтың басқаруындағы «Volkswagen Passat» маркілі автокөлігінің жанынан келіп соғады. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Volkswagen Passat» маркілі автокөлігінің ішіндегі бірі - 2009 жылы туылған, екіншісі - үш айлық 2016 жылы туылған балалар зақым алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

2016 жылдың басынан балалардың қатысымен 67 ЖКО тіркелді, нәтижесінде 10 адам қаза болып, 70-сі түрлі сипаттағы жарақаттар алған.

Осыған байланысты, БҚО Ішкі істер департаменті барлық жол қозғалысына қатысы бар тұлғаларға жылдамдық жүйесін сақтап,  қауіпсіздік белдігін қолданып,  балаларды арнайы құралығыларда тасымалдап, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұрайды.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале