10.12.2015, 19:38
Оқылды: 35

Кедергілерді жою күн тәртібінен түспейді

  Zelenov kedergini joiu «Нұр Отан» партиясы Зеленов филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Кедергісіз келешек: қоғамдық бақылау» акциясын ұйымдастырды.

     Акция барысында ғимараттардың әлеуметтік инфрақұрылымына қоғамдық-партиялық мониторинг жүргізу мақсатында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінен құрылған топ халыққа қызмет көрсету орталығы мен аудандық мәдениет үйі ғимараттарының мүгедектерге қолжетімділігін тексерді.


    «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыровтың айтуынша, аталмыш ғимараттарды мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімдеу мақсатына арнайы қаражат бөлінбеген. Десе де, әлеуметтік маңызды ғимараттардың кез келген жанға қолжетімді болуын мекеме ұжымдары өз күштерімен немесе демеушілердің қолдауымен атқаруда. Аудандық мәдениет үйі биыл ғана күрделі жөнделді. Жөндеу жұмыстарының жобасына мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайластырылған жұмыстар енбесе де, мердігер бұл істі барынша орындауға тырысқан.

     – Акция барысында аудандық мәдениет үйі мен осы ғимаратта орналасқан кітапханаға арнайы дабыл қою, табалдырықтан арбаның өтуіне қолайлы өткел орнату сынды ұсыныстар жасалды. Халыққа қызмет көрсету орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы дабыл орнатылып, пандуспен көтерілген арбаның бұрылуына барлық қолайлы жағдай жасалған. Пандустардың ені мен биіктігінде аздаған ауытқулар бар. Екі ғимаратқа да көліктің жақын келіп аялдауына еш кедергі жоқ және автотұрақ орнына арнайы белгі орнатылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалатын жағдай, әрине, мұнымен шектелмейді. Оларға ыңғайластырылған әжетхана бөлмелерінің жабдықталмауы басы ашық мәселе күйінде қалып отыр. Партиялық жоба аясында кедергілерді анықтау, әсіресе әлеуметтік маңызды ғимараттарды барынша ыңғайлы жабдықтау жұмыстары күн тәртібінен түспейді. Акция қорытындысы бойынша, анықталған кемшіліктерді жою мақсатындағы ұсыныстар Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне жолданады, - дейді филиал төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров.

 www.zhaikpress.kz

Динара Насырова

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале