14.12.2015, 15:11
Оқылды: 29

Киік мүйіздерін сөмкеге салып, шекара асырмақ болған ресейлік азамат қолға түсті

 Kuik myizi    Шекара қызметінің «Жәнібек-авто» (қазақ-ресей шекарасы, БҚО) бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды бүгін түнгі 1 сағат 30 минут шамасында «Кира» есімді иттің көмегімен 1971 жылы туған Савченко М.В. атты ресейлік азаматты ұстады, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.


    Астына «ВАЗ-2106» автокөлігіне жолаушы ретінде мініп, Қазақстаннан Ресейге қарай кетіп бара жатқан азаматтың жүктеріне шекаралық бақылау жасау кезінде оның сөмкесінен 17 дана киік мүйіздері табылды.

    Ұстау материалдары БҚО Жәнібек аудандық ішкі істер бөліміне берілді. Енді аталған азамат ҚР ҚК 339-бабы бойынша заң алдында жауап беретін болады (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале