3.08.2016, 16:54
Оқылды: 40

Колледж шәкірттерінің демалысы ұйымдастырылды

Жылдағы дәстүрін жалғастырған Қаратөбе колледжі биылғы оқу жылын ойдағыдай аяқтап, білім алушылардың жазғы демалысын ұтымды ойластыра алды.

Биылғы оқу жылында колледжде білім алып қана қоймай, бәсекеге түсер ғасырда мамандыққа бейімделіп, өзінің білімі мен біліктілігін, үлгілі тәртібі мен өнегелі тәрбиесін көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан 5 оқушы облыстық «Жігер» әскери-патриоттық, спорттық-сауықтыру лагерінде 10 күн демалса, 15 оқушы айдынды Шалқар көлінде шомылып, 3 оқушы елордасы Астана қаласының әсем де сәнді жерлерін аралап, саяхат жасап, барып қайтты.астанадағы демалыс

Колледжде білім алушы жастардың барлығы да белсенді, спортқа жақын, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан жалынды жастар.

Бүгінгі таңда Қаратөбе колледжі еліміздің ертеңін еселейтін осындай жастарымызға мүмкіндігінше бар жағдайды жасап, сапалы білім және саналы тәрбие берумен қатар, жазғы демалыс кезеңдерін қызықты етіп өткізуге атсалысуда аянбай еңбек етуде.

Қызыққа толы жаздың шуағына бөленген әр бала демалыстарының сәтті өткеніне дән риза. Балалық шақтағы балдәурен кездердің алаңсыз сәттері кейіннен сағына еске аларлықтай әр баланың өмірінде мәңгі сақталары сөзсіз, - дейді колледж оқытушысы Мейіржан Горькиев.

 

Ертай Бимұханов

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале