8.07.2016, 12:29
Оқылды: 36

Достық үйінде семинар-тренинг өтуде

ZH-350x350    "Достық" үйінің мәжіліс залында "Культтердегі әлеуметтік психологиялық айла-амалдардың технологиялары және оларға қарсы әрекет ету әдістері" атты семинар-тренинг өтуде.


  БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған бұл семинар-тренингті  "Діндерді зерттеу орталығының қауымдастығы" ЗТБ директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Юлия Денисенко өткізуде.

    Шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов және аудан әкімдерінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және этномәдени бірлестігінің мүшелері қатысуда.

Облыстық семинарда табынушылықтағы әлеуметтік-психологиялық айла-амалдың әрекеттері мен оған қалай қарсы тұрып, күресуге болатыны туралы айтылуда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале