6.10.2016, 15:15
Оқылды: 21

Кітапханадағы тағылымды шара

%d0%ba%d1%96%d1%82%d0%b0%d0%bf%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d2%93%d1%8b-%d1%82%d0%b0%d2%93%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d0%bc%d0%b4%d1%8b-%d1%88%d0%b0%d1%80%d0%b0   Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында 1 қазан - қариялар күніне орай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің балалар бөлімінде «Жасай бер қазыналы қартым» атты қариялармен кездесу ұйымдастырылды.


Тәрбиелік мәні зор кеш қарияларымызды құрметтеуге, өмір жолдарынан үлгі алуға шақыра отырып, оқырман бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, инабаттылыққа, жақсы мен  жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға шақырды.

Кеш барысында алғаш сөз алған Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Арман Мағалымұлы  кеш қонақтарын мерекелерімен құттықтады.

Аталған шараға ауданымыздың мәдениетін өркендетуге үлестерін қосқан ардагерлер Амангелді Нұриденов пен Қанзия Құлдашова қатысып, қазіргі жастарға үлгі ретінде өздерінің өткен өмірлері туралы қысқаша баяндап берді.

Кітапхана оқырмандары Ақжарқын Қожахметова, Арайлым Аюпова т.б.   қариялар туралы өлең  шумақтарын мәнерлеп оқыса, саз мектебінің домбырашысы Амангелді Кәрім кеш қонақтарына арнап «Келіншек» күйін орындады.

Кеш соңында балалар кітапханасының меңгерушісі Қымбат Ержанова қорытынды сөз сөйлеп, кеш қонақтарына сыйлықтар табыс етті.

 

Серікбай ХАСАНОВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале