23.05.2015, 11:28
Оқылды: 37

Кітапқа айналған сағыныш

Karatobe kitapka ainaligan saginish    Небір дарындылар шыққан өлкеден түлеп ұшқан Мейрамгүл Исатайқызының да шығармашылық жолына түспеуі мүмкін емес еді. Қаратөбе өңірінде кіндік қаным тамған оның ортасы, ән-жырға, өлең сөзге толы болатын. Оның үстіне отбасы тәрбиесін қосыңыз.

Сөзіміздің дәлелі болса керек-ті, бүгін Қаратөбе өңірінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, журналист Мейрамгүл Нығметтің «Фәнилік сағыныш» атты алғашқы кітабы оқырманға жол тартты.

Перзенттік тілекпен, сағыныш-жүрекпен сөз тізгінін ұстаған танымал журналист Мейрамгүл Нығмет дүниеге келген туынды хақында тереңнен ой қозғап, отбасы, әке тәрбиесі мен тәлімін әңгіме өзегіне айналдырды.

«Фәнилік сағыныш», «Әке жазбаларынан», «Естеліктер» бөлімдерінен тұратын кітап саналы ғұмырын жазу өнеріне арнаған қаратөбелік журналист Исатай Сердалиннің өнегеге толы өмірі мен шығармашылығына арналған.

Кітап бетін парақтап үлгерген аудан әкімі Асхат Шахаров жарық көрген туындыда әкеге деген сағыныш иірімі, перзенттік парыз турасында терең ой бар екендігіне ерекше ілтипатпен тоқталды.

Ал, кітап туралы ойымен бөлісе келген ақсақал Орынғали Ермекқалиев өңірге белгілі журналист И.Сердалиннің адамгершілігі мол, еңбексүйгіш азамат бейнесін тебіреніспен еске алды.

Ел алдында «Фәнилік сағыныш» кітабына тұсаукесер рәсімін аудан басшысы Асхат Берлешұлы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Орынғали Бәкесұлы, ардагер ұстаз Айғаным Төлегенқызы жүргізіп, алғашқы оқырмандар легіне автор қолтаңбасы берілді.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале